- Айна
- 18 Сәуір, 2024
Министрлік су шаруашылығына қатысты жоспар әзірледі
Министрлік 2030 жылға дейін су шаруашылығы құрылыстарын реконструкциялаудың кешенді жоспарын әзірледі. Жоспарда жаңадан 57 су қоймасын салу қарастырылған. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Оның 20-сы су ресурстарын басқаруды дамыту тұжырымдамасында да көзделген. Атап айтқанда, Ақтөбе облысында төрт су қоймасын, Түркістан және Жамбыл облыстарында үш су қоймасынан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында 2 су қоймасынан, Ақмола, Алматы, Қызылорда облыстарында және Абай облыстарында бір-бірден су қоймасын салу жоспарланып отыр.
Фото: ашық дереккөз
185 рет
көрсетілді0
пікір