- Таным
- 09 Ақпан, 2024
Мұқағали Мақатевтың бейнесі таспаланған жалғыз бейнежазба
Сырлы сезімге толы жырларымен оқырманның жүрегін жаулаған Мұқағали Мақатаевтың есімін білмейтін қазақ жоқ. Өз дәуірінің шындығын шығармаларына арқау еткен ақынның артына қалдырған мол әдеби мұрасы мен фотосуреттері бүгінгі күнге дейін жеткенімен, мұзбалақ ақынның тау тұлғасы, асыл бейнесі жазылған бейнематериалдар жоқтың қасы. Тек қайталанбас бейнесі таспаланған жалғыз ғана бейнематериал бар. Ол «Қазақстан» РТРК АҚ «Алтын қорында» сақталған «Мұқағали Мақатаев – «Мавр» поэмасынан үзінді» атты 1 минут 33 секундық бейнематериал. Бұл тарихи видео жайлы толығырақ «Қазақстан» РТРК АҚ «Алтын қор» телерадиоқоры департаментінің директоры Разия Ыдырысбаевадан сұрап білген едік.
- Рәзия ханым, ақынның бейнесі таспаланған бұл бейнематериал қашан және қайда түсірілген?
- Кезінде «Қазақтелефильм» біраз тұлғалар туралы деректі фильмдер топтамасын жасады. Соның бірі – Исраил Сапарбаев редактор болып, Ақжан Машанов сценариін жазып, Серік Жармұхамедов аға режиссері болып, Нарынқол ауданына барып, ақынның туған жеріндегі тойды түсірген. Кейін сол материалдар негізінде деректі фильмді жасаған. Фильмнің басы тау қыраны бүркіттен басталып, қарлы Хантәңірінің әсем көрінісін тікұшақпен түсіріп, Мұқағалидың өлеңдерімен, күнделігіндегі жазбаларымен көмкерген. Ақынның күнделігін Ғазиза Әбдінәбиева, Мейіргүл Жармұхамедовалар оқып, музыкасын Секен Тұрысбеков жазған. Фильмде Тұманбай Молдағалиевтің айтуынша, Мұқағалидың алғашқы өлеңін 1960 жылы Әбділда Тәжібаев оқып, Жазушылар Одағының пленумында сөз сөйлегенде, жаңадан келген жастар арасындағы Мұқағали Мақатаевты ерекеше атап өткен.
1960 жылдың жазында жазушылар Одағы мен Орталық комсомол комитетінің ұсынысымен Жүсіпбек Елебеков бастаған өнер қайраткерлері, Қасым Қайсенов бастаған ақын-жазушылар Талдықорған облысына Нұрмолда Алдабергеновтің ауылына сапарға шығады. Сол жерде кинопленкаға алғаш және соңғы рет Мұқағали бейнесі таспаланған. Ол туралы ақын Сағи Жиенбаев осы фильмде айтады және осы «Қыранның қанатынан қуат алған» деректі фильмінде бұл құнды тарихи материал қолданылған. Бұл фильмде ақынның анасы да бейнеленген. Бейнежазбаның 00:06:45 минутында: «Құрметті көрермен, біздермен бірге Мұқағали Мақатаевтың дауысын естіп, «Мавр» поэмасынан үзінді тыңдаңыздар және ақынның көзінің тірісінде ең алғаш рет және ең соңғы рет түскен киносюжетті бізбен бірге көріңіздер», - деп алыстан түсірген бейнежазбасын көрсетеді. Кадр сыртынан 2 минуттай ақынның «Мавр» поэмасын оқыған өз дауысын береді.
Разия Ыдырысбаева, Қазақстан» РТРК АҚ «Алтын қор» телерадиоқоры департаментінің директоры
- Бұл бейнежазба қашан цифрлық форматқа көшірілді?
- 1967 жылы «Қазақтелефильм» экрандық-шығармашылық ұжымының ҚР телевизия және радиохабар жөніндегі комитеті жүйесіндегі телевизиялық киностудия бөлімі болып ашылып, 1969 жылы жеке бөлініп шығады. Бұған дейін «Қыранның қанатынан қуат алған» атты М.Мақатаев туралы бейнежазбаны «Қазақтелефильм» 1992 жылы 35 мм кинопленкаға жазған екен. Аталған кинопленка Алматы қаласындағы «Алтын қор» бөлімінде сақталған. Кейін синеджиге 2 форматтан көшіріп, сандық жүйеге түскен бейнежазбасы бар: біріншісі, Кадр 3 ПМ рулонынан көшірілген, 2011-жылы Betacam таспасынан сандық жүйеге түскен. Сапасы нашарлау, астынан қара сызық пайда болып, үстіне шығып кетеді. Бірақ дыбысы таза. Екіншісі, 2016 жылы SVHS таспасынан сандастырылған. Бұрынғы (сары түсті жарты күн, астында «Қазақстан» деген жазуы бар) логотиппен жазылған. Дауысы жәй шығады.
Әзірлеген Гауһар Түстікбаева,
«Қазақ газеттері»
Ақпарат ағыны
Алматыда субұрқақтар ашылды
- Кеше
- 112
1 мамыр күні Алматы халықаралық әуежайында туристерге естелік сыйлықтар табыс етілді
- Кеше
- 58
Бірлік күніндегі игі істер
- Кеше
- 67
Ербол Қарашөкеев бірқатар этномәдени бірлестіктердің өкілдерін марапаттады
- Кеше
- 65
Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселелері қаралды
- Кеше
- 66
Алматы халықаралық әуежайында туристерге естелік сыйлықтар берілді
- Кеше
- 61
Ақтауда мерекеге орай мотошеру өтті
- Кеше
- 68
Қазақстанда ат шабыс маусымы басталды
- Кеше
- 69
Нұрлан Сәрсенбаев, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, жазушы, этнограф: Талғардың қазақша мағынасы – Биік тау
- 03 Наурыз, 2024
- 5216
Абай Сағитов, биология ғылымының докторы, профессор: Қандай ағаш өсірген дұрыс?
- 24 Наурыз, 2024
- 2828
Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады
- 30 Наурыз, 2024
- 2602
Алматыда сирек кездесетін Регель қызғалдағы гүлдеді
- 02 Сәуір, 2024
- 2472
Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады
- 01 Сәуір, 2024
- 2439
Владислав Тен: Қазақтілді Қазақстанды қалыптастырғым келеді
- 15 Наурыз, 2024
- 2425
Гуманитарлық көмек қабылдау орталықтары қалай жұмыс істеп жатыр?
- 03 Сәуір, 2024
- 2363
Батыс Қазақстан облысында төтенше жағдай жарияланды
- 02 Сәуір, 2024
- 2171